5120100 бакалавр бағдарындағы«Абайдың ақындық мектебі» пәнi болашақ әдебиетшi-филологтар даярлауда аса қажет пән болып табылады. Бұл пәндi оқыту, үйрету барысында студенттер ұлы ақынның маңында болып, одан творчестволықпен үйренген, үлгі-өнеге алған Абайдың ақын шәкірттері, олардың шығармашылықтарындағы Абайдың әсері мен ықпалы, олардың кейін ұлы ақынның әдеби дәстүрін жалғастыруы мен байытуы мәселелері кеңінен баяндалады. Ақындық мектеп және ақындық дәстүр бойынша түсінікке ие болу- ақындық мектептің қандай ақындарда болатындығы т.б. мәселелерді білу, түсіне алу қазіргі студенттер, болашақ әдебиетшілер үшін аса маңызды.