«Қазақ әдеби сыны тарихы» пәнi болашақ әдебиетшi-филологтар даярлауда бакалавр бағыты үшiн аса қажет пән болып табылады. Бұл пәндi оқыту, үйрету барысында студенттер қазiргi әдебиеттегi сын жанры хақында, оның iшiнде әдебиетімiзде сын жанрының тууы, қалыптасуы туралы, әсiресе, қазақ әдебиетi мысалында жүйелi бiлiм алады.Осыларды ескере отырып, қазақ әдебиетiнде сынның туып қалыптасуы, дамуы және жанрлық тұрғыдан баюы жайында студенттерге жүйелi бiлiм беру, олардың сол кезеңдегi әдеби процеске қызығушылығын арттыру мәселелерi де ерекше есепке алынған.