«Әдеби байланыс (қарақалпақ және қазақ әдебиеттері)» пәнi болашақ әдебиетшi-филологтар даярлауда бакалавр бағыты үшiн аса қажет пән болып табылады. Бұл пәндi оқыту, үйрету барысында студенттер әдебиеттер байланысы мәселелерін, олардың ең басты факторларын, оның iшiнде қарақалпақ және қазақ әдебиеттерінің ұзақ жылдардағы тарихи-мәдени байланыстарын терең әрі тиянақты үйренеді. Қарақалпақ және қазақ әдебиеттері байланыстарының бастаулары болған: екі халықтың ауыз әдебиетіндегі байланыс көріністері; орта ғасырлардағы ортақ әдеби мұралар; ноғайлы кезеңіндегі екі халық әдебиеттері арасындағы байланыстар кең әрі жан-жақты сөз болады.

сынның туып қалыптасуы, дамуы және жанрлық тұрғыдан баюы жайында студенттерге жүйелi бiлiм беру, олардың сол кезеңдегi әдеби процеске қызығушылығын арттыру мәселелерi де ерекше есепке алынған.