«Қазақ тілінің стилистикасы және сөйлеу мәдениеті» пәнінде қоғамның мәдени дамуы үшін, шешендік өнер сырларын, өз пікірін баяндауда тіл құралдарын дұрыс, орынды пайдалана білуге, мәдениетті сөйлей білуге жіне тілдегі сөздердің стильдік сапасын, олардың мағыналық дамуы мен өзгеруі негізінде сөздердің типтерін, атқаратын қызметін анықтауды үйренеді. Курсты толық меңгеруі үшін студенттер лингвистикалық  заңдылықтарды, сөйлеудің әдеби нормаларын сақтай отырып, тілдік элементтерді әдеби нормаға сай қолдана білулері  қажет. Сонымен қатар, өз пікірін баяндауда тіл құралдарын дұрыс пайдалана отырып, практикалық жақтан сөйлеудің әрқилы проблемаларын  үйрену.