Методика  пәні  творчестволық ойлау қабілетіне ие адамды тәрбиелеп шығару, орта арнаулы мектептерде қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мазмұнын, әрбір салалардың бір-бірімен байланысын, теориялық материалдарды, көркем шығармалардың мазмұнын, композициясын, сюжетін талдауға үйрету, сондай-ақ тілдер, орфографиялық, пунктуациялық дағдыларының жүйесі мен берілуін, қазақ тілі  және әдебиеті сабақтарында көрнекі және технологиялық құралдарды пайдалану, тіл дамыту сияқты күрделі мәселелерді қалай оқытудың әдістерін үйрету болып табылады. Курстың  практикалық мәні-сабақ барысында түрлі әдістер мен жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана білу. Курста  студенттер қазақ тілі және әдебиет  сабақтарында көрнекі және технология-лық құралдарды пайдалану,  тіл даму жұмыстарын шығармашылықпен  жүргізуді, қазақ тілін және әдебиетін оқытуға байланысты семинар, әңгіме-пікірлесу сабақтарын оқытуды үйренеді.