Курста  Абайдың эстетикалық, философиялық ой-тұжырымдарын беруде тілдік құралдарды пайдалану шеберлігі, жаңа бағыттағы жазба әдеби тілді дамытудағы орны, ұлттық  көркем дәстүрге қосқан жаңалықтарын  т.б.  меңгереді.

Пәннің негізгі міндеті әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтай білу, Абай тілінің сөздік құрамын үйрену, Абай тілінің грамматикалық құрылымын үйрену, кітаби тіл мен жазба әдеби  тіл айырмашылықтары жайында  мағлұматқа ие бола отырып, Абай шығармаларының лексикалық   сипаты мен   грамматикалық сипатына  талдау жасалады.